Н.А.ОРАЗАХЫНОВА

Оразахынова Нұрша Алжанбайқызы — «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, Райымбек ауданының «Құрметті азаматы».

Оразақынова Нұрша Алжанбайқызы 1957 жылы 6 қарашада Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданы Бөлексаз аулында дүниеге келді. 1964-1974 жылдары орта мектепте, 1976-1980 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық инситутында білім алып, 1980 жылы аталмыш институтты үздік дипломмен бітіріп шықты.

2007 жылдың желтоқсан айында «Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілін сатылай кешенді талдау технологиясымен оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты тақырыптағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шығып, 2008 жылдың 30 мамырында докторлық атаққа ие болды. «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.

Жалпы 230-ға жуық ғылыми-әдістемелік еңбектері мен мақалалары жарық көрген.

 

 


«Н.А.ОРАЗАХЫНОВА «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты:

Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы қазақ тілінде ойын толық жеткізе алатын, ұлттық құндылықтарды бағалай білетін, қазақтың тарихы мен мәдениетін терең меңгерген,  ұлттық санасы қалыптасқан, рухы биік көптілді  білімді тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемесі, жалпы білім беретін орта мектепте  оқыту және ұлттық тәрбие беру;
  • жоғары білімнен кейінгі кәсіби педагогикалық қызметте «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының теориялық негізін меңгертіп, оны практикада қолданудың әдіс-тәсілдерін үйрету арқылы мемлекеттік инновациялық саясатты жүзеге  асыру;
  • Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын тәжірибеге енгізуге, жинақтауға және таратуға ғылыми тұрғыда басшылық ету, кеңес беру;
  • білім берудің барлық басқыштары үшін оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) және қазіргі кезең талаптарына сай оқушыларға арналған қосымша әдебиеттерді дайындап, баспаға ұсыну.

«Н.А.ОРАЗАХЫНОВА «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНЫП, НӘТИЖЕГЕ ЖЕТКЕН ҰСТАЗДАР

Орынбаева Динара Ғабитқызы Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Абай РММИ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Үздік педагог-2019» конкурсының жеңімпазы

Парманова Сандуғаш Қуанышбекқызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№66 мектеп-лицей» математика пәнінің мұғалімі. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері 2020 ж., ҚР«Үздік педагог — 2020» республикалық конкурстың жеңімпазы

Абитова Жанар Сабетханқызы Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық ғылымдар магистрі Абай РММИ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. «Үздік педагог-2019» конкурсының жеңімпазы

Боранбаева Айгүл Қайроллақызы «86 мектеп- гимназия» КММ директордың оқу ісі орынбасары, шебер-педагог «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының модераторы.

Толеубаева Самал Жақсылыққызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№86 мектеп-гимназиясы» МК қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, шебер-педагог. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі 2020 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Абдукодирова Маржан Ержановна Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№86 мектеп-гимназиясы» КММ бастауш сынып мұғалімі, педагог-шебер. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Құрмет грамотасы» 2019ж., «Ы.Алтынсарин төсбелгісі» 2020ж.

Алгамбарова Ботагоз Ермековна Павлодар облысы, Екібастұз қаласының Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,педагог-зерттеуші. ҚР Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін министрдің алғыс хаты, 2020 ж.

Жетібай Рақымберді Қажығалиұлы
Алматы қаласы, №19 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Авторлық жобалары:
«Mansap» мобильді қосымшасы;
«ibrahim.kz» оқу—ағарту порталы;
«I teach in English » — тілдік дағдыларды жетілдіру курсы.

Сапарбаева Нұршакүл Серғазықызы, Жамбыл облысы, Шайқорық орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, зерттеуші- педагог.  Ы. Алтынсарин» төсбелгісі, 2017 ж.  Авторлық жұмысы: 6- орыс сыныбына арналған » Қазақ тіліндегі фонетикалық талдауды «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша меңгерту»

Ахметуллаева Тұрсынгүл Алмасқызы, БҚО Дарынды балаларға арналған №11 мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мұғалімі, педагог-сарапшы. ҚР БҒМ «Алғыс хаты» 2019 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бақаева Қазима Тұрысбекқызы, Нұр-Сұлтан қаласы 86 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-шебер. «Ступенчато-комплексный анализ языковых единиц» 7 сынып (2017 ж.), «Ступенчато-комплексный анализ языковых единиц» 5 сыныпм(2020 ж.) бағдарламаларының авторы.

Тұржігітова Гүлжан Қуандыққызы,БҚО, Сырым ауданы, ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-шебер. ҚР «Үздік педагог -2017» конкурсының жеңімпазы.

Меңдіғалиев Жеткеншек Меңдіғалиұлы, Алматы қаласы, Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-сарапшы. «Білім беру ісінің үздік педагогі-2020»  Республикалық байқауының жеңімпазы, «Жаңашыл педагог» төс белгісінің иегері (2020 ж.). Лингвистикалық-әдеби бағыттағы ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.

Курманалиева Ардак Тунгышбаевна, Алматы облысы, Талғар қаласындағы, №49 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші. 6 сыныпқа арналған «Математика әлемі» таңдау курсының авторы, 2015 жыл. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, 2019 жыл.

Капарова Асел Махмутовна, Арқалық қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші. «Жаңа ғасыр ұстаздары» — Білім саласы үздіктерінің энциклопедиясына енген. «Құрмет грамотасымен», 2019 ж. «Әдеби шығармаларды сатылай кешенді талдау» (5-7 сынып) оқу-әдістемелік құралын әзірлеуші (2019 ж.).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Оспанова Әсемгүл Амантайқызы, Нұр-Сұлтан қаласы, №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, ҚазҰУ магистранты. «Үздік жыл мұғалімі – 2019» Бас жүлде иегері. ІІІ Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлдегері. «Тілдік бірліктерді сатылай кешенді талдау» («Қазақ халқының салт-дәстүрлері», 6-сынып) оқу кешенінің авторы.

Даулбай Мейрамгүл Оразқызы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Родина жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші. Қалалық «Жыл мұғалімі-2010» Бас жүлде иегері. 6 сыныпқа арналған «Әдеби шығармаларды сатылай кешенді талдау» оқу әдістемелік көмекші құралының авторы.

Ешмұқамбет Бектұрған Уайсбайұлы

Макулбекова Бибигуль Жансеиткызы, Нұр- Сұлтан қаласы №86 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, шебер-педагог.
Авторлық әзірленімдері:
«Өлкетану» (Астана) таңдау курсының кешені.
«Шама тілін сатылай кешенді талдау» 4 сынып.
«Маңғыстау облысын сатылай кешенді талдау» таңдау курсының 5 сыныпқа арналған оқу кешені.

Шамахова Акманат Ибраевна, Нұр-Сұлтан қаласы №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты, педагог-шебер. Республикалық «Үздік педагог-2017» жеңімпазы.  «Суреткер дүниетанымының тағылымы» (Шыңғыс Айтматов романдары негізінде, 2016 ж.) оқу құралының және 70-тен астам ғылыми мақалалар авторы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Н.А.ОРАЗАХЫНОВА «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ЖАСАЛҒАН ОҚУ КЕШЕНДЕРІ

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының әдістемесі  Жүктеу

Физика және астрономия
( 7 сыныпқа арналған әдістемелік құрал ) Жүктеу

Химия, биология пәндері бойынша әдістемелік оқу құралы Жүктеу

«Ежелгі Қазақстанға саяхат» (6 сынып) Жүктеу

«Өлкетану» таңдау курсының
оқу құралы (5 сынып) Жүктеу

 

Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау (Оқу құралы) Жүктеу


«Н.А.ОРАЗАХЫНОВА «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР

«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ӨТЕТІН XVII АУЫЗША КОМАНДАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

    


«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ — АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАРЫ»
АТТЫ VIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ