Смайыл Сандуғаш Серікболқызы
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, әдіскері
Тақырыбы:
Балабақшада заттық – кеңістікті дамытушы ортасын құрудың тиімділігі
МАҚСАТЫ:
балалардың ерте жастан психофизиологиялық мүмкіндіктерін жағымды дамытуға мүмкіндік беретін заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру
МІНДЕТТЕРІ:
– балаларды жан-жақты және үйлесімді ерте жастан дамыту үшін жағдайлар жасау және оның мектепке дейінгі жаспен сабақтастығы;
– балаларды ерте жастан дамытуға арналған заттық-дамытушы ортаны ұйымдастырудың педагогикалық барысын формалармен және әдістермен жетілдіру;
– аталған бағыт бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда түрлі үлгілерді жасауға мүмкіндік беру, педагогтардың шығармашылық әл-ауқатын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
- Орта білім беру, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы, ұйымдастырушы, коммуникативтік функциясын атқаруы тиіс. Заттықдамытушы ортаның топтасуы балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі қажет, білім беру үдерісінің біртұтастылық қағидатына сай келуі тиіс;
- Кеңістікті икемді және вариативті қолдану қажет. Орта баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналуы тиіс;
- Заттардың формасы мен дизайны балалардың қауіпсіздігіне және жасына бағдарлануы тиіс;
- Декор элементтері оңай ауысуы тиіс;
- Әрбір топта балалардың эксперименттік іс-әрекеттеріне арналған орынды қарастыруы қажет;
- Топтық кеңістікте заттық ортаны ұйымдастыра отырып, психикалық даму заңдылықтарын, олардың денсаулық көрсеткіштерін, психофизиологиялық және коммуникативтік ерекшеліктерін, жалпы және 8 сөйлеуінің даму деңгейін, сонымен қатар, эмоционалдық-қажеттілік саласының көрсеткіштерін ескеру қажет;
- Түс палитрасы жылы, пастельді түстерде болуы тиіс;
- Топтық бөлмеде дамытушы кеңістікті құру кезінде ойынның басты рөлін ескеру қажет;
- Топтың заттық-дамытушы ортасы балалардың жас ерекшеліктерін, оқу кезеңі мен білім беру бағдарламасына байланысты ауысуы тиіс.
Көшен Құндыз Слетақызы
Әдістемелік орталық әдіскері
Тақырыбы:
Балабақшадағы цифрлық технологиялар – мектепке дейінгі қашықтықтан оқытудың негізі
МАҚСАТЫ:
ақпараттық технология арқылы баланың шығармашылық ізденістері дамиды, белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс істеу қабілеті, монологты, диалогты сөйлеу іскерліктері артады.
МІНДЕТТЕРІ:
- балаларды компьютерлік технологияның мүмкіндіктерімен таныстыру;
- интерактивті тақтамен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
- балалардың танымдық және шығармашылық белсенділігін, білуге құмарлығын, қиялын, бейнелі ойлауын дамыту;
- баланың мектепке дайындығын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
- оқу-тәрбие және әдістемелік жұмысты жетілдірудің тиімді құралы болып табылады;
- балаларды оқыту процесін қызықты әрі тиімді етуге мүмкіндік береді.
Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызы
Әдістемелік орталық әдіскері
Тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру
МАҚСАТЫ:
Бастауыш сынып педагогтерінің функционалдық сауаттылығын дамытуда іс-тәжірибе алмасу
МІНДЕТТЕРІ:
– Баланың еркіндігі мен белсенділігін арттырады
– Шығармашылық тұрғыда ойлау қабілетін қалыптастырады
– Баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландырады
Күтілетін нәтиже:
Оқушының пәнді, тақырыпты терең түсіну мен үйренуге қызығушылығын дамыту.
Алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана біліуін қамтамасыз етеді
Әзімбай Бибігүл Кәрімбердіқызы
Әдістемелік орталық әдіскері
Тақырыбы:
Баланы мектепке даярлаудың психологиялық ерекшеліктері
МАҚСАТЫ:
Мектепалды сыныптары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерімен іс-тәжірибе бөлісу
МІНДЕТТЕРІ:
– педагогтерге баланы мектепке даярлаудың психологиялық ерекшеліктері, тәрбие мен оқыту қызметінің мектепке дейінгі ұйым түлегін қалыптастырудағы рөлі туралы түсінік беру
– тәрбиелеу мен оқытудың сапалы оңтайлы динамикасын анықтау
– ойын қызметінен оқу қызметіне біртіндеп өтуге дайындық негіздерін ұсыну
Күтілетін нәтиже:
– педагогтер баланы мектепке даярлаудың психологиялық бағыттарын ізденеді
– педагогтер тәрбие мен оқыту қызметінің мектепке дейінгі ұйым түлегін қалыптастырудағы рөлін зерделейді
– баланың даму мониторингін анықтайды
– баланы мектепке бейімдеу жолдарын жұмыс барысында қолданады.
Ахметова Жазира Батырбековна
Әдістемелік орталық әдіскері
Тақырыбы:
МАҚСАТЫ:
МІНДЕТТЕРІ:
Күтілетін нәтиже:
Боранбаева Майра Сарсенхановна
Әдістемелік орталық әдіскері
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдары
МАҚСАТЫ:
Балалардың Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеруіне мониторинг жүргізуде педагогтерге әдістемелік көмек көрсету
МІНДЕТТЕРІ:
- мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің негізгі тәсілдерін ұсыну
- мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесінің жағдайын зерделеу, сондай-ақ даму динамикасын көрсету;
- мониторинг жүргізу бойынша құжаттаманы ресімдеудің практикалық кеңестерін ұсыну.
Күтілетін нәтиже:
- мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің негізгі тәсілдерін түсінеді
- мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесінің жағдайын зерделеуді, сондай-ақ даму динамикасын әзірлеуді үйренеді
- мониторинг жүргізу бойынша құжаттаманы ресімдеудің практикалық кеңестерін оқыту барысында қолданады