Қосымша білім беру

АВТОРЫ: Молдабаев Ержан Орақұлы, Нұр-Сұлтан қаласы Техникалық шығармашылық орталығының қосымша білім беру мұғалімі
ТАҚЫРЫБЫ:3D модельдеуді қашықтан оқыту, онлайн модельдеу бағдарламалары
МАҚСАТЫ: Қашықтықтан оқыту кезінде интернеттегі 3D модельдеу бағдарламаларын үйрену
МІНДЕТТЕРІ:
– Қашықтықтан оқыту кезінде 3D модельдеудің түрлерімен танысу
– 3D модельдеуді онлайн түрде жасау жолдарын үйрену
– 3D модельдеуді өз бетінше жасап үйренуге дағдылану

Күтілетін нәтиже:
– Қашықтықтан оқыту кезінде 3D модельдеудің түрлерімен танысады
– 3D модельдеуді онлайн түрде жасау жолдарын үйренеді
– 3D модельдеуді өз бетінше жасап үйренуге дағдыланады


АВТОРЫ:  Джунусова Дамира Ернарқызы, Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері, педагогика және психология ғылымдарының магистрі.
ТАҚЫРЫБЫ:  Мұғалімдерді, оқушыларды психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу
МАҚСАТЫ: Қашықтан оқыту кезінде психологиялық – педагогикалық қолдау
МІНДЕТТЕРІ:
– қашықтан оқытуға өзін дайындау;
– жаттығулар арқылы өзін игеру;
– психологиялық – педагогикалық қолдаудың маңызын түсіну.

 

 


АВТОРЫ:  Ғалымжанов Баянғали Ғалымжанұлы, филология магистрі, Білім беруді жаңғырту орталығы директорының орынбасары
ТАҚЫРЫБЫ:  Қашықтан оқыту кезінде сабақты тиімді жоспарлау
МАҚСАТЫ: Қашықтан оқыту кезіндегі тиімді жоспарлауды үйрену
МІНДЕТТЕРІ:
– Қашықтан оқыту кезіндегі жоспарлау мәселесін зерделеу;
– Тиімді жоспарлаудың жолдарын анықтау;
– Тиімді жоспарлаудың үлгісін ұсына отырып, сұхбаттасу;
– Бір сабақтың жоспарын жасап ұсыну
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
– Қашықтан оқыту кезіндегі жоспарлау мәселесін зерделейді;
– Тиімді жоспарлаудың жолдарын қарастыра алады;
– Тиімді жоспарлаудың үлгісін көре отырып, пікір білдіріп, талқылайды;
– Сабақ жоспарын жасап ұсынады.


АВТОРЫ:  Тәжібаева Қарлығаш Жетпісбайқызы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері
ТАҚЫРЫБЫ:  Қашықтан оқуда онлайн сабақты ұйымдастырудың тиімділігі мен жолдары.
МАҚСАТЫ: Педагогтердің қашықтан оқу жағдайындағы онлайн сабақты ұйымдастыруының кәсіби құзыреттілігін дамыту.
МІНДЕТТЕРІ:
– Онлайн-оқытудың түрлері мен тиімді әдістерін зерделеу;
– Онлайн сабақты ұйымдастырудың тиімділігімен танысу;
– Онлайн сабақты ұйымдастырудың жолдарын анықтау;
– Қашықтықтан режимінде оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жолдарын ұсыну;
– Мұғалімдерге онлайн оқу процесін басқару бойынша кеңестер беру.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
– Онлайн-оқытудың түрлері мен тиімді әдістерін зерделейді;
– Онлайн сабақты ұйымдастырудың тиімділігімен танысады;
– Онлайн сабақты ұйымдастырудың жолдарын анықтайды;
– Қашықтықтан режимінде оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жолдарымен танысады;
– Мұғалімдер онлайн оқу процесін басқару бойынша кеңестерді қолданады.


 

АВТОРЫ:  Толеубеков Талант Мейрашұлы, Нұр-Сұлтан қаласының «Техникалық шығармашылық орталығының» робототехника үйірмесінің жетекшісі, қосымша білім беру педагогі.

ТАҚЫРЫБЫ:  Tinkercad.com сайтында Ардуино симуляторын пайдалану.
МАҚСАТЫ: Робототехниканы қашықтықтан меңгеру
МІНДЕТТЕРІ:
• түрлі схемаларды жинап оларды бағдарламалау арқылы болашақ проектілердің жұмысын тексеру;
• эксперименттер жасау.

Тапсырма: Осы сайтта светолиодты арлуиноға жалғап, светодиод жаңып өшіп тұратын бағдарлама жазу.


АВТОРЫ:  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің М.Әуезов атындағы «№86 мектеп-гимнназия» КММ, Аскарбаева Айгуль Бакытжановна – Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
ТАҚЫРЫБЫ:  Мектепте тәрбие орынбасарының құзыретін арттыру
МАҚСАТЫ: Қоғам дамуының негізгі кепілі – жеке тұлғаны жан-жақты дамыта отырып, бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету.
МІНДЕТТЕРІ:
– ұлттың және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
– қоғамның тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу;
– білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.

НЫСАНЫ: білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртұтас педагогикалық процесі.
ІСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗІМДЕРІ: Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, тәрбиенің кешенді бағдарламасын, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негіз болады.
Білім беру ұйымдардың педагогтеріне арналған тапсырмалар:
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің нормативтік негізін Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттары қандай?
2. Тәрбиенің мақсатын жазыңыз.
3. Тәбиенің басым бағыттары нешеу, жазып көрсетіңіз.
4. «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты.