«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, Райымбек ауданының «Құрметті азаматы».

Оразахынова Нұрша Алжанбайқызы

Оразақынова Нұрша Алжанбайқызы 1957 жылы 6 қарашада Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданы Бөлексаз аулында дүниеге келді. 1964-1974 жылдары орта мектепте, 1976-1980 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық инситутында білім алып, 1980 жылы аталмыш институтты үздік дипломмен бітіріп шықты.

2007 жылдың желтоқсан айында «Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілін сатылай кешенді талдау технологиясымен оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты тақырыптағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шығып, 2008 жылдың 30 мамырында докторлық атаққа ие болды. «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.

Жалпы 230-ға жуық ғылыми-әдістемелік еңбектері мен мақалалары жарық көрген.

«Н.А.ОРАЗАХЫНОВА «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты:

Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы қазақ тілінде ойын толық жеткізе алатын, ұлттық құндылықтарды бағалай білетін, қазақтың тарихы мен мәдениетін терең меңгерген, ұлттық санасы қалыптасқан, рухы биік көптілді білімді тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:

Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемесі, жалпы білім беретін орта мектепте оқыту және ұлттық тәрбие беру;
жоғары білімнен кейінгі кәсіби педагогикалық қызметте «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының теориялық негізін меңгертіп, оны практикада қолданудың әдіс-тәсілдерін үйрету арқылы мемлекеттік инновациялық саясатты жүзеге асыру;
Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын тәжірибеге енгізуге, жинақтауға және таратуға ғылыми тұрғыда басшылық ету, кеңес беру;
білім берудің барлық басқыштары үшін оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) және қазіргі кезең талаптарына сай оқушыларға арналған қосымша әдебиеттерді дайындап, баспаға ұсыну.

«Н.А.ОРАЗАХЫНОВА «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНЫП, НӘТИЖЕГЕ ЖЕТКЕН ҰСТАЗДАР

Орынбаева Динара Ғабитқызы

Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Абай РММИ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Үздік педагог-2019» конкурсының жеңімпазы

Парманова Сандуғаш Қуанышбекқызы

Астана қаласы әкімдігінің «№66 мектеп-лицей» математика пәнінің мұғалімі. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері 2020 ж., ҚР«Үздік педагог – 2020» республикалық конкурстың жеңімпазы

Абитова Жанар Сабетханқызы

Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық ғылымдар магистрі Абай РММИ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. «Үздік педагог-2019» конкурсының жеңімпазы

Боранбаева Айгүл Қайроллақызы

«86 мектеп- гимназия» КММ директордың оқу ісі орынбасары, шебер-педагог «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының модераторы.

Толеубаева Самал Жақсылыққызы

Астана қаласы әкімдігінің «№86 мектеп-гимназиясы» МК қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, шебер-педагог. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі 2020 ж.

Абдукодирова Маржан Ержановна

Астана қаласы әкімдігінің «№86 мектеп-гимназиясы» КММ бастауш сынып мұғалімі, педагог-шебер. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Құрмет грамотасы» 2019ж., «Ы.Алтынсарин төсбелгісі» 2020ж.

Алгамбарова Ботагоз Ермековна

Павлодар облысы, Екібастұз қаласының Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,педагог-зерттеуші. ҚР Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін министрдің алғыс хаты, 2020 ж.

Жетібай Рақымберді Қажығалиұлы

Алматы қаласы, №19 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміАвторлық жобалары:«Mansap» мобильді қосымшасы;«ibrahim.kz» оқу—ағарту порталы;«I teach in English » — тілдік дағдыларды жетілдіру курсы.

Сапарбаева Нұршакүл Серғазықызы

Жамбыл облысы, Шайқорық орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, зерттеуші- педагог. Ы. Алтынсарин» төсбелгісі, 2017 ж. Авторлық жұмысы: 6- орыс сыныбына арналған » Қазақ тіліндегі фонетикалық талдауды «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша меңгерту»

Ахметуллаева Тұрсынгүл Алмасқызы

БҚО Дарынды балаларға арналған №11 мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мұғалімі, педагог-сарапшы. ҚР БҒМ «Алғыс хаты» 2019 ж.

Бақаева Қазима Тұрысбекқызы

Астана қаласы 86 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-шебер. «Ступенчато-комплексный анализ языковых единиц» 7 сынып (2017 ж.), «Ступенчато-комплексный анализ языковых единиц» 5 сыныпм(2020 ж.) бағдарламаларының авторы.

Тұржігітова Гүлжан Қуандыққызы

БҚО, Сырым ауданы, ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-шебер. ҚР «Үздік педагог -2017» конкурсының жеңімпазы.

Меңдіғалиев Жеткеншек Меңдіғалиұлы

Алматы қаласы, Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-сарапшы. «Білім беру ісінің үздік педагогі-2020» Республикалық байқауының жеңімпазы, «Жаңашыл педагог» төс белгісінің иегері (2020 ж.). Лингвистикалық-әдеби бағыттағы ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.

Курманалиева Ардак Тунгышбаевна

Алматы облысы, Талғар қаласындағы, №49 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші. 6 сыныпқа арналған «Математика әлемі» таңдау курсының авторы, 2015 жыл. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, 2019 жыл.

Капарова Асел Махмутовна

Арқалық қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші. «Жаңа ғасыр ұстаздары» – Білім саласы үздіктерінің энциклопедиясына енген. «Құрмет грамотасымен», 2019 ж. «Әдеби шығармаларды сатылай кешенді талдау» (5-7 сынып) оқу-әдістемелік құралын әзірлеуші (2019 ж.).

Оспанова Әсемгүл Амантайқызы

Астана қаласы, №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, ҚазҰУ магистранты. «Үздік жыл мұғалімі – 2019» Бас жүлде иегері. ІІІ Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлдегері. «Тілдік бірліктерді сатылай кешенді талдау» («Қазақ халқының салт-дәстүрлері», 6-сынып) оқу кешенінің авторы.

Даулбай Мейрамгүл Оразқызы

Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Родина жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші. Қалалық «Жыл мұғалімі-2010» Бас жүлде иегері. 6 сыныпқа арналған «Әдеби шығармаларды сатылай кешенді талдау» оқу әдістемелік көмекші құралының авторы.

Ешмұқамбет Бектұрған Уайсбайұлы

Макулбекова Бибигуль Жансеиткызы

Астана қаласы №86 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, шебер-педагог.Авторлық әзірленімдері:«Өлкетану» (Астана) таңдау курсының кешені.«Шама тілін сатылай кешенді талдау» 4 сынып.«Маңғыстау облысын сатылай кешенді талдау» таңдау курсының 5 сыныпқа арналған оқу кешені.

Шамахова Акманат Ибраевна

Астана қаласы №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты, педагог-шебер. Республикалық «Үздік педагог-2017» жеңімпазы. «Суреткер дүниетанымының тағылымы» (Шыңғыс Айтматов романдары негізінде, 2016 ж.) оқу құралының және 70-тен астам ғылыми мақалалар авторы.

«Н.А.ОРАЗАХЫНОВА «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ЖАСАЛҒАН ОҚУ КЕШЕНДЕРІ

«Н.А.ОРАЗАХЫНОВА «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР

«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ӨТЕТІН XVII АУЫЗША КОМАНДАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ – АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАРЫ»АТТЫ VIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ

23 қазан күні Зертхананың ұйымдастыруымен №51 мектеп-гимназиясының базасында тәжірибе алмасу мақсатында ««Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – сапалы білім берудің кепілі» атты көшпелі семинар өтті.

Семинарға №52 мектеп-гимназиясының 1-4-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері, директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі орынбасары Қожахметова Зайра Әбілқасымқызы және технология авторы, педагогика ғылымының докторы, профессор Н.А.Оразахынова қатысты. Бастауыш сынып оқушылары осы екі ай көлемінде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша меңгерген білімдерін, білік-дағыларын ортаға салды. Технологияның басты мақсаты бастауыш сынып оқушыларының оқу, сөйлеу, жазу дағдыларының дұрыс қалыптасуымен қатар, кез келген ортада алған білімдерін жоғары деңгейде жеткізу болса, семинарда ол толығымен жүзеге асты.

Бұл семинар, шын мәнінде, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасып, болашақ жұмыстарын жоспарлауына ықпал етті. Олардың пікірінше, осындай тәжірибе алмасу семинарлары жиі болып отырса, оқушылардың білім сапасын арттыруға және пандемия кезіндегі білімдегі олқылықтарды толтыруға мүмкінігі мол екендігі белгілі болды. Биылғы оқу жылындағы Зертхананың қала бойынша ұйымдастырып отырған кезекті іс-шарасы.

№85 мектеп-лицей базасында №51 мектеп-гимназия, №52 мектеп-гимназия, №80 мектеп-гимназия, №72 мектеп-лицей, №24 орта мектеп, №85 мектеп-лицейдің бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша курстан өтуде.

Курс барысында 3 қараша күні мұғалімдерімен «Білімдегі олқылықты жоюдың бір жолы – «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде төмендегідей мәселелер қарастырылды:

  • Оқушы біліміндегі олқылықтарды қандай жолдармен анықтадыңыздар?
  • Олқылықтарды жоюдың жеке бағыттары анықталды ма?
  • Олқылықтарды жою жұмыстарын қалай ұйымастырып жүрсіз?
  • Олқылықтары жоюдың бір жолы – «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы екендігіне келісесіз бе? Ойыңызды негіздеңіз.

Мәселелер бойынша курсқа қатысушы мұғалімдер өз ойларын ортаға салды. №85 мектеп-лицейінің директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасары Нағила Жолтайқызы, №52 мектеп-гимназиясының директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасары Қожахметова Зайра Әбілқасымқызы, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының тренері Әбдіқадырова Маржан Ержанқызы, №51 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Байбулова Гүлнәр Айткешқызы, №85 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Тайжанова Алма Дауылбақызы, №52 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жорашова Айжан Маратқызы өз тәжірибелерімен бөлісіп, құнды пікірлерін айтты.