Тақырыбы:
МАҚСАТЫ:
МІНДЕТІ:
Тәжірибелік тапсырмаларды орындаңыз:
2023 жыл
С.О.Төребекова
ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК–арнайы пәндер оқытушысы
Тақырыбы:
Quizziz.com платформасында тақырыпты бекіту үшін “Жүк тасымалдауды ұйымдастыру және технологиясы” пәнінен тест дайындау
МАҚСАТЫ:
цифрлық технологияларды пайдалану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру
МІНДЕТІ:
ТжКБ-да білім беру және тәрбие процесін ұйымдастыру барысында цифрлық технологияларды пайдалану.
Тәжірибелік тапсырмаларды орындаңыз:
1. Quizziz.com сайтына тіркелу ретін жазыңыз.
2. Quizziz.com -да басқа педагогтердің жасаған жұмысын қалай пайдалануға болады?
3. Quizziz.com – да бақылау сұрақтары мен сабақтарды қалай жасауға болады?
4. Жаттығу топтамалары мен оқушылар тобын қалай құруға болады?
5. Quizziz.com – дағы бақылау сұрақтарының нәтежиелерін студенттердің ата – аналарына қалай жіберуге болады?
6. Онлайн сабақ кезінде бағдарламаны қолдану артышылықтары?
К.Т. Сеитова
Астана қаласы ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК «Сызу» пәні оқытушысы
Тақырыбы:
Геометриялық денелерді компьютерлік бағдарламада сызу
МАҚСАТЫ:
Corel Draw компьютерлік бағдарламасын қолдана отырып, студенттердің компьютерлік бағдарламада еркін сызу дағдысын арттыру.
МІНДЕТІ:
Corel Draw компьютерлік бағдарламасын қолдана отырып білім беру, тапсырмаларды жетік және түсінікті; сабақты көрнекті, ұтымды етіп өткізу.
Тәжірибелік тапсырмаларды орындау:
Тапсырмаларды көрнекті, оңай әрі қызықты өткізу:
1-қадам: Білім алушыға берілетін тапсырманы Corel Draw бағдарламасын ашып,бағдарлама туралы ақпаратты пысықтаудан бастау.
2-қадам: Corel Draw бағдарламасында- «Создать»-түймені басып жаңа А4 формат таңдау керек.
3-қадам: Corel Draw бағдарламасында- «Направляющие» пернесін басып, А4 форматының-210х297 мм, А4 форматына стандартпен сызылатын жиектік- сол жақтан 20 мм, оң, жоғары, төмен жақтан 5 мм- ден; және негізгі жазбаның өлшемін- 185х55 мм. өлшеп, сызықтарды қосу, оларды бекіту керек. Сонымен қатар «Главное меню» -«Вид» – «Привязать к направляющие» пернесін басу керек.
4-қадам: «Направляющие» пернесінің «горизонтальные» бөлігін басып, қосымша + 90 мм., (конустың үстіңгі көрінісінің төменгі сызығы);
+ 160 мм. (конустың фронталь мен профиль көрінісінің табан сызығы); «Направляющие» пернесінің «вертикальные» бөлігін басып, +50мм. (сызылатын конус айналмалы денесінің сол жақ шеткі сызығын) анықтап қосып, сызып алынады.
5- қадам: Конустың берілген өлшемі: радиусы- 30мм, биіктігі -70мм. сызу үшін: алдымен үстіңгі көрінісі – дұрыс шеңбер (сол жақ қатардан «инструменттер панелінен»- «шеңбер» пернесін алып- 60мм. х 60мм. болатын шеңбер сызылады.
6- қадам: «Инструменттер панелінен»- «көпбұрышты» алып, соның ішінен «үшбұрыш» фигурасымен ұзындығы 60мм., биіктігі 70мм. дұрыс үшбұрыш сызылады.
7- қадам: Дайын фигуралар «горизонталь» және «вертикаль» бойынша сызылған «направляющие» сызықтары бойынша проекциялық байланыста орнатылады.
8- қадам: Дайын конус сызбасына «Инструменттер панелінен»-«Өлшем сызу» пернесі арқылы конустың биіктігі- 70мм, ұзындығы- 60мм. өлшем сызықтары сызылады.
9- қадам: Corel Draw бағдарламасында сызылған конус геометриялық дененің айналмалы денесі болғандықтан, міндетті түрде осьтік сызық- үзілмелі нүктелі сызық, өлшем сызықтары- негізгі жіңішке сызықпен сызылуын, контур сызығы- жуан негізгі сызықпен бастырылуын қадағалау керек.
Компьютерлік бағдарламаның бір түрі- Corel Draw бағдарламасының көмегімен геометриялық фигуралар, геометриялық денелерді тез әрі ұтымды сызуға болады.
Орынбаева А.К.
Астана қ. ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы
Тақырыбы:
Quizizz.com платформасы арқылы тест тапсырмаларын әзірлеу
МАҚСАТЫ:
цифрлық технологияларды пайдалану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру
МІНДЕТІ:
ТжКБ-да білім беру және тәрбие процесін ұйымдастыру барысында цифрлық технологияларды пайдалану.
Тәжірибелік тапсырмаларды орындаңыз:
1. Quizizz.com платформасы кіріңіз.
2. Бағдарламада қолданушы үшін қандай форматтар ұсынылады?
3. Басқару тақтасындағы тест сұрақтары қалай жасалады?
4. Quizizz.com платформасында тест сұрақтарын әзірлеу үшін қандай әрекеттер ретін орындайсыз?
5. Дайын тест сұрақтарын сақтау реті қандай болады?
М.М.Жаксыбаева
ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК–арнайы пәндер оқытушысы
Тақырыбы:
«Жол қозғалысы қауіпсіздігі және ережелері» пәнінен сабақ материалын меңгеруде терминологиялық ойын «Обьясни мне» бағдарламасын қолдану
МАҚСАТЫ:
цифрлық технологияларды пайдалану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру
МІНДЕТІ:
ТжКБ-да білім беру және тәрбие процесін ұйымдастыру барысында цифрлық технологияларды пайдалану.
Тәжірибелік тапсырмаларды орындаңыз:
1. oyteka.com/ru/cabinet/create сайтында қалай тіркелу ретін жазыңыз.
2. Бағдарламада қолданушы үшін қандай форматтар ұсынылады?
3. Басқару тақтасындағы астарлы беттерді атаңыз.
4. Мәтінді өңдеу үшін қандай әрекеттер ретін орындайсыз?
5. Дайын инфографиканы сақтау реті қандай болады?
Дакар Е.Б.
Астана қ. ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК – Арнайы пәндер оқытушысы
Тақырыбы:
KAHOOT бағдарламасын пайдалану жолдары
МАҚСАТЫ:
цифрлық технологияларды пайдалану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру
МІНДЕТІ:
ТжКБ-да білім беру және тәрбие процесін ұйымдастыру барысында цифрлық технологияларды пайдалану.
Тәжірибелік тапсырмаларды орындаңыз:
1. KAHOOT бағдарламасын қалай тауып алса болады?
2. Келесі бөлмеге өту үшін не істеу керек?
3. Бағдарламада premium деген нені білдіреді.
Т.О. Аубакирова
ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК–арнайы пәндер оқытушысы
Тақырыбы:
Арнайы пәндер сабағында Learnis бағдарламасын қолдану
МАҚСАТЫ:
цифрлық технологияларды пайдалану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру
МІНДЕТТЕРІ:
ТжКБ-да білім беру және тәрбие процесін ұйымдастыру барысында цифрлық технологияларды пайдалану.
Тәжірибелік тапсырмаларды орындаңыз:
- Learnis сайтына тіркелу ретін жазыңыз.
- Learnis жаттығу кітапханасын қалай пайдалануға болады?
- Learnis -та дайын жаттығуларды қалай өңдеуге болады
- Learnis -та өз жаттығуларыңызды қалай жасауға болады?
- 5. Жаттығу топтамалары мен оқушылар тобын қалай құруға болады?
Ақпанова А.С.
ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК–арнайы пәндер оқытушысы
Тақырыбы:
Power Point бағдарламасын сабақ өткізу барысында ұтымды пайдалану
МАҚСАТЫ:
цифрлық технологияларды пайдалану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру
МІНДЕТІ:
ТжКБ-да білім беру және тәрбие процесін ұйымдастыру барысында цифрлық технологияларды пайдалану.
Тәжірибелік тапсырмаларды орындаңыз:
- Power point бағдарламасында жедел саты ойынын қалай ұйымдастырады?
- Power point бағдарламасында гипер сілтемені қалай жасаймыз?
- Power point бағдарламасында бір ұяшықтан екінші ұяшыққа өту қалай жүзеге асырылады?
- Мәтінді өңдеу үшін қандай әрекеттер ретін орындайсыз?
- Студенттерге сұрақтар қол жетімді болу үшін қандай әрекеттер жасалады?
Слатова Жупархан Тусупбековна
Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Тақырыбы:
Миро интерактивті тақтасын ағылшын тілі сабағында қолдану.
МАҚСАТЫ:
Миро интерактивті тақтасын қолдана отырып ағылшын тілі сабағында лексикалық дағдыларды бекітудің тиімді жолдарын қарастыру.
МІНДЕТТЕРІ:
Лексикалық дағдыларды бекіту барысында оқытушының сандық дағдыларын арттыру.
Тапсырма:
- Find the equivalents for the following words and expressions.
Тамаша, блестяще сөздерінің ағылшын тіліндегі баламасы Brilliant [briljǝnt] сөзі екендігін анықтап оны стикерге жазып орналастыруға болады.
Қалған сөздердің балама – эквиваленттерін осылай орындап стикерлерге жазып орналастыруға болады.
Жауабы:
Тамаша, блестяще – Brilliant [briljǝnt]
Керемет, потрясающе – Awesome [ɔ:sǝm] Ғажап, удивительно – Amazing [ǝ
meiziŋ]
Ғаламат, Чудеcно – Wonderful [wʌndǝful] Мінсіз, Идеально – Perfect [
pǝ:fikt] - How would you describe the person in each of these descriptions? Яғни, берілген суреттеменің мағынасын тауып жазу үшін стикер шаблонын қолдануға болады.
She’s always here on time. Яғни, оның мағынасы (It means she’s punctual)
She often promises to do things but half the time she forgets. (It means she’s unreliable)
He finds it difficult to meet people and talk to strangers. (It means he’s shy) - Сол тақырып бойынша берілген сөздерді Divide them into positive and negative. Hard-working, lazy, punctual, reliable, inflexible, clever, ambitious, flexible, stupid, unreliable сөздерін жағымды, жағымсыз сөз қатарына бөліп, топтастырып стикерлерді пайдаланып орналастыруға болады.
Hard-working – lazy, еңбекқор – жалқау
Punctual – ambitious, ұқыпты – амбициялы (атаққұмар)
Reliable – unreliable, сенімді – сенімсіз
flexible – inflexible, икемді – икемсіз
clever – stupid, ақылды – ақымақ - Ағылшын тілінен «Шақтар» тақырыбы бойынша. Pupils should match verbs in stickers with the correct tenses on the chart and write down their own sentences by using proper tenses.
- “The TV Blackout” мәтініне қатысты тапсырма орындалмас бұрын мұғалім оқушылар жұмыс істейтін fishbone схемаcын дайындап қояды.
Pupils should determine the problem of the text “The TV Blackout” by using fishbone method. - Келесі тапсырма фразалық етістіктермен тапсырманы орындамас бұрын, мұғалім оқушылар жұмыс істей алатын аймақты алдын-ала дайындайды. Осындай мақсатпен «Mind map» үлгісін таңдайды. Task: To write phrasal verbs with look, get, let, put, check.
Қорытынды
Миро интерактивті тақтасы шексіз және қолданушы пайдаланып болғасын ондағы жазбалар галактика жұлдыздары сияқты оның форматын кішірейтуге болады және керісінше үлкейтуге болады. Тиімділігі сол барлық қажетті ақпарат бір жерде орналасады. Тақтадағы жұмыс түрлері көбінесе Стикер арқылы жүзеге асады. Стикер – миро тақтасының шаблоны екенін ұқтыңыздар.
Миро тақтасын сабақтың басында да, ортасында да, соңында да қолдануға ұсыныс жасауға болады.
Сабақтың басында оқушылардың көңіл-күйін білу үшін пайдаланса, ортаңғы кезеңінде оқушыларға жекелеген, жұптық, топтық жұмыс түрінде тақырыпқа сай тапсырмалар беру үшін қолдануға болады. Сабақ соңында кері байланыс пен қорытынды жасау үшін қолдануға болады. Мысалы әртүрлі шаблондардың бірін басып, оны түрлендіріп, тақырыптың атауын қойып, қаласаңыз тақырыпқа байланысты суреттер мен жазуларды қою арқылы астына комментарий бөлімін ашық қалдырып, оқушылардың өз ойларын білдіруіне мүмкіндік беруге болады.
Слатова Жупархан Тусупбековна
Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Тақырыбы:
6М стратегиясы арқылы Үйден оқу пәні негізінде сөздікпен жұмыс түрі.
МАҚСАТЫ:
ағылшын тілінен үйден оқу сабағында сөздікпен жұмыстың тиімді жолдарын қарастыру.
МІНДЕТТЕРІ:
сөздікпен жұмыс барысында оқушының зерттеу, ізденімпаздық мәдениетін қолдау.
Тапсырма:
Ағылшын авторы A.J.Cronin-ң “The Scholarship” мәтінінің қысқа нұсқасы негізінде алынды. Және басты сөздік ретінде: Scholarship, Friendship, Rival сөздіктері анықталды.Осы сөздердің ішінен Scholarship сөзін «6M Learning Framework» стратегиясына салып сөздікпен жұмыс түрін қарастырамыз.
Слатова Жупархан Тусупбековна
Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Тақырыбы:
Jamboard онлайн интерактивті тақтасы арқылы кері байланыс беру.
МАҚСАТЫ:
Алған білімдерін Jamboard тақтасында кері байланыс беру арқылы айқындау.
МІНДЕТТЕРІ:
Студенттер тарапынан ұсынылған кері байланыс негізінде, олардың оқу – әрекеттерін жетілдіруіне мүмкіндік беру.
Сұрақтар:
- Google Jamboard тақтасын пайдаланудың міндетті шарты қандай?
- Jampboard тақтасының құралдар панелін суреттеп беріңіз.
- Google-Jambord тақтасында жұмыс істеу қадамдары қандай?
- Jampboard тақтасы стикерлерінің нақты қызметі қандай?
- Jampboard тақтасы арқылы студенттерден кері байланыс алу жолдарын беріңіз.
- Кері байланыс студенттердің оқу – әрекеттерін жетілдіруіне мүмкіндік береді ме?
- Сабақ соңында кері байланыс жасау міндетті ме?
- Кері байланыс қандай маңызды ақпарат береді?
2022 жыл
Амешова Акмарал Булатовна
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “ASTANA POLYTECHNIC” жоғары колледжі” ШЖҚ МКК-ның арнайы пәндер оқытушысы
Тақырыбы:
Quizalize платформаcын сабақта пайдалану
МАҚСАТЫ:
Қашықтан білім беруді ұйымдастыру уақытында оқытушылар қауымына сабақта тиімді пайдалануға болатын бағдарламаның жұмысымен таныстыру, білім алушылардың қызығушылығын тудыру, сабақтың тиімділігін арттыру мақсатындаQuizalize платформасымен қалай жұмыс жасауға болатынын айтып жеткізу.
МІНДЕТІ:
- қашықтан оқыту кезеңінде білім беруде пайдалануға болатын бағдарламамен бөлісу;
- Quizalize онлайн платформасында тапсырмалар жасау.
Тәжірибелік тапсырмалар:
- Тіркеуден өтіңіз https://www.quizalize.com/;
- Сұрақтар мен жауап нұсқаларын жасаңыз;
- Сілтемені немесе кодты студенттермен бөлісу.
Амешова Акмарал Булатовна
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “ASTANA POLYTECHNIC” жоғары колледжі” ШЖҚ МКК-ның арнайы пәндер оқытушысы
Тақырыбы:
Quizshow.io платформаcын сабақта пайдалану
МАҚСАТЫ:
Қашықтан білім беруді ұйымдастыру уақытында оқытушылар қауымына сабақта тиімді пайдалануға болатын бағдарламаның жұмысымен таныстыру, білім алушылардың қызығушылығын тудыру, сабақтың тиімділігін арттыру мақсатындаquizshow.io платформасымен қалай жұмыс жасауға болатынын айтып жеткізу.
МІНДЕТТЕРІ:
- қашықтан оқыту кезеңінде білім беруде пайдалануға болатын бағдарламамен бөлісу;
- quizshow.ioонлайнплатформасында викториналық ойындар жасау.
Тәжірибелік тапсырмалар:
- Тіркеуден өтіңіз https://www.quizshow.io/;
- Сұрақтар мен жауап нұсқаларын жасаңыз;
- Сілтемені немесе кодты студенттермен бөлісу.